18.11.2019, 18:18
Оқылды: 46

Тасқалада Қатимолла Бердіғалиевтің ән кеші өтті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Қатимолла Бердіғалиев Тасқала ауданының көрермендеріне «Шарықтап ел алдында салған әнім» атты ән кешін тарту етті.

 tasqala koncert (1)

Өнер тарланы аудандық мәдени-демалыс орталығында жиналған көпшілікке дәстүрлі әннен шашу шашты. Өз репертуарындағы әндерді орындап қана қоймай, оның шығу тарихына тоқталып ескіден есті әңгіме өрбітті.

-Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Өнерді тек соны түсінетін адам ғана бағалауға құқылы. Бүгінгі сапарым шын өнерге, ән әлеміне деген ілтипатымды, махаббатымды көрсетеді. Мен дәстүрлі әндерді орындаймын. Репертуарымдағы әндерді кезінде ағалар маған аманаттап кетсе, бүгінде мен жас толқынға жеткізудемін. Әр әннің шығу тарихын әңгімелегендегі мақсатым халық құлағында қалсын деген ой.

tasqala koncert (2)

Абай атамыз айтқандай «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген, ән жай ғана ыңылдап айта салатын, жеңіл-желпі билей салатын дүние емес. Ол жүрекпен айтылуы тиіс. Сөзі мағыналы, әні әуезді болуы шарт. Жеңіл-желпі әннің өмірі де ұзаққа бармайды, - деді бізбен әңгімесінде Қатимолла Бердіғалиев.

Әсемгүл Серікқалиқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале