27.05.2024, 22:00
Оқылды: 59

Тасқалада құс жәрмеңкесі өтті 

Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен орталық базарда құс жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкеде құс балапандары қолжетімді бағамен сатылды.

InShot_20240527_200536384

Онда үйрек, қаз балапандары мен қоса тауықтар да сатылымға шығарылды. Осыдан екі апта бұрын дәл осындай жәрмеңкеде құс балапандары түгелдей сатылып, халықтың игілігіне жарады. Аудан тұрғындары мен әр ауылдан келген қауым орталық базардан өздеріне қажетті құс балапандарын керегінше сатып алғанын көрдік. «Жыл сайын жәрмеңке кезінде құс балапандарын сатып аламын. Жасым 80 таясада әлі күнге құс асырап отырмын. Бір жағынан ермегім болса, бір жағынан өскеннен кейін сорпасы өте пайдалы. Осы балапандарды өзім қараймын. Жәрмеңке ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын», – дейді ауыл тұрғыны Рысқаным Даутова .

Осындай тілегін білдіріп, алдағы уақытта тағыда ұйымдастырылса деген ниеттерін білдіріп жатқандар да көп болды.

 Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале