14.10.2021, 12:17
Оқылды: 39

Тасқалада қуыршақ театры өнер көрсетті

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында үлгілі «Балдырған» қуыршақ театры өнер көрсетті.

WhatsApp Image 2021-10-14 at 12.16.12

   Жас көрермендерге арнап театр ұжымы көпшілікке таныс ертегілерді сахналады. Алдымен «Айлакер бала» ертегісін ортаға алып шыққан өнерпаздар Нұрайна Оразай мен Ранида Зайдолла ертегіде көрсетілген негізгі идеяны ашуға барын салды. Балаларды еңбекқорлық пен өжеттілікке тәрбиелейтін қойылым көрермен көңілінен шықты.

Бұдан соң «Мақтаншақ қызды» сахналаған өнерпаздар балаларға өтірік айтпау, адал болу деген қағидаларды жеткізуге тырысты. Сондай-ақ қолдан жасалған түйеқұс қуыршағын заманауи әнге билетіп, жас көрерменді бір серпілтті.

Айта кетейік, «Балдырған» қуыршақ театры алғашқы рет 2012 жылы Шежін ауылдық мәдени үйі жанынан Махамбет Мұрзағалиевтің жетекшілігімен құрылған. Мектеп оқушыларын өнерге баулыған театрдың құрылғанына келер жылы 10 жыл толмақ.

Әсем Аман,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале