30.03.2025, 11:30
Оқылды: 72

Тасқалада мәслихат депутаты сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Достық ауылдық мәдениет үйінде орналасқан 336 сайлау учаскесінде Тасқала ауданы мәслихатының депутат сайлауы басталды.

a5d4afd5-e647-4d4e-b0ed-72735d25b854

Алдымен еліміздің Гимні орындалып, сағат 7:00 де учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Айта кетейік, сайлауға үш кандидат қатысуда. Оған сайлаушылар ертемен келіп, өз таңдауларын жасап, біркісідей дауыс беруде. Ең бірінші болып ауыл тұрғыны Мүтәліп Қабылғалиев дауыс берді. Сондай-ақ, аталмыш учаскеде 18 жасқа толған сайлаушы Әли Айдынғали алғаш рет дауыс берді.

f071528b-1e3d-459d-ac14-d7f88a37c144
- Бүгін сайлаушы ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Сайлау мемлекеттің дамуына, болашағына әсер етеді. Сондықтан алғаш рет дауыс беріп отырған сайлаушы ретінде әр азаматтың дауысы маңызды екенін түсінемін. Бүгінгі сайлауда жеңіске жеткен депутат ел сенімін ақтап, ауылымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз - дейді ол.

c741c7d3-08eb-450a-9dd5-18cd7cffd2c4
Әли Айдынғалиға учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Казбек Аюпов алғашқы дауыс беруші ретінде арнайы сыйлықты табыс етті.

a5d4afd5-e647-4d4e-b0ed-72735d25b854
Жалпы 336 сайлау учаскесі бойынша 342 сайлаушы тіркелген. Соның ішінде 10 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Алғаш рет дауыс беретіндер 2 адам. Сайлау жұмысына «AMANAT» партиясы мен қоғамдық бірлестіктерден келген байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері қатысуда.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале