6.02.2025, 23:00
Оқылды: 253

Тасқалада «QUIZ» зияткерлік сайысы өтті

Бүгін әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында Дүниежүзілік сайлау күніне орай «QUIZ» зияткерлік сайысы өтті. Мәнді де, тартысты сайысты Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

image-06-02-25-08-42-2

Аталмыш сайыста аумақтық  сайлау комиссиясының төрағасы  Динара Баишева және депуттар қатысты. Ойынға тоғыз команда қатысып, олардың араларында белсенді жастар, әр салада қызмет ететін ұжымдар қатысты.

Сайыс барған сайын ширыға түсіп, қай команда да неғұрлым көп ұпай жинауға барын салды. Жылдамдықпен ұшқыр ойды талап ететін тартысты ойын «Сұрақ –жауап», «Сөзжұмбақ», «Суретті жұмбақ», «Үнтаспа», «Күрделі сұрақтар» атты 5 кезеңнен тұрды.

image-06-02-25-08-42

Сонымен, «QUIZ» жобасының тырнақалды ойынында «Серілер» командасы топ жарды. Бұлармен үзеңгі қағыстырып келген Мереке қауымының  тобы ІІ-орын еншіледі. Әкімдікте қызмет ететін – «ОQ» ұжымы ІІІ-ші тұғырдан көрінді. Ал, «Үздік талпыныс» аталымын «Достық» құрамасының арулары иеленсе, «Үздік әлеуметтік  желісдегі сторис» атылымын кітапханашы Жанна Сепетоваға бұйырды. Жүлдегерлерге демеушілер дайындаған сый-сияпат тарту етілді. Қатысушылар ұйымдастыру алқасына рахмет айтып, естелік суреттерге түсіп, кештен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

image-06-02-25-08-42-3

Расымен де, қазақы орта қалыптастыру қай кезде де маңызды. Ал бұған осындай жобалардың ықпалы зор. Бұл, біріншіден, рухани серпіліс, әдемі, кәделі демалыс, екіншіден, бастары жиі бір арнада тоғыса бермейтін әр сала өкілдерін жақындастыра түсетін атмосфера, достастық мекені. Ал зияткерлік тартысты сайысқа демеушілік еткен Батыс Қазақтан облыстық мәслихат депутаты Самат Хамзаұлына, Жастар ресурстық орталығы өз алғыстарын білдіреді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале