Тасқала ауданында маңызды күнде 336 сайлау учаскесіне отбасылармен бірге дауыс бергендердің үлесі жоғары. Олардың қатарында Жәнекеновтер отбасы бар. Шаңырақ иесі немересімен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
– Біз әрдайым сайлауға немеремізді көрсін, үйренсін деген мақсатпен бірге апарамыз. Себебі өңір үшін маңызды күннен тысқары қалуға болмайды. Ауылдың дамуы өзіміз үшін керек. Туған жерін қадірлейтін азаматтар бақ сынап жатқан сәтте өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл біздің шаңырақта дәстүрге айналды,-дейді отағасы Әділжан Мақсотұлы. Сондай-ақ, мұнда екі көшенің тұрғындары бірлік пен татулықтың тамаша үлгісін көрсетті. Олар мерекелік көңіл-күймен сайлау учаскесіне бірге келіп өз таңдауларын жасады.
Бұл бастаманы көше тұрғындары бірауыздан қолдады. Сайлау – еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені біз жарқын болашағымыз үшін дауыс береміз. Сондықтан, көше тұрғындары болып бәріміз жиылып, бір уақытта дауыс беруге келдік, - дейді олар.
Назгүл Жәрдемова,
Тасқала ауданы