1.09.2020, 14:18
Оқылды: 48

Тасқалада сауда нысандарына мониторинг жүргізілді

  Тасқала ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді.

Reid

Мониторингтік топ мүшелері сауда орындарында санитайзер және тағы да басқа жеке гигиеналық заттардың болуын, сатушылар мен қызметкерлердің жұмыс орнында міндетті түрде бетперде және қорғаныс қолғаптарын пайдалануын тексерді. Сонымен қатар топ мүшелері дүкендерге келетін тұтынушылардың міндетті түрде бетперделері болуы қажеттігін және кезекте тұрғанда өзара ара қашықтықтың сақталуы керектігін ескертті. Карантин режимі аяқталғанша мониторингтік топ өз жұмыстарын күнделікті жалғастыратын болады.

Бексұлтан Бисалиев,

Тасқала ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале