Тағы бір оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы демалысы басталды. Осыған орай бүгін, аудан орталығындағы «Шұғыла» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Балалардың демалыс уақытын тиімді және қызықты өткізу – лагерь жұмысының басты бағыты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева арнайы қатысып, жиналғандарды лагердің ашылу салтанатымен құттықтады.
«Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар бүгін «Шұғыла» жазғы демалыс лагері демалушыларға арнап өз есігін айқара ашты. Осы салтанатты шараға барлығыңызда қош келдіңіздер. Балалардың алаңсыз демалуы үшін еңбек етіп жатқан лагерь тәлімгерлеріне сәттілік тілейміз. Балаларымыз лагерден жақсы демалып күш- қуат алып, келесі оқу жылына дейін жақсы дайындықпен келсін. Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда балалардың тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп жатыр. Жылдан жылға осындай лагерлеріміз көбеюде. Әрбір ауданымыздың округінде лагерлер өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Білім ошақтары күннен күнге жабдықталып, мектептеріміз жөнделуде. Осындай игі істеріміз көп болсын. Тәуелсіз еліміз мәңгілік болсын. Балалардың болашыағы жарқын болсын. Жақсы көңіл күймен лагердегі демалыстарыңызды өткізіңіздер», - деді Саягүл Мәулетқызы өз сөзінде.
Осы жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы үшін аудандық «Шұғыла» демалыс лагері 4 маусымнан жұмысын бастап 6 кезең 7 күнен жұмыс жасап 200 оқушыны жазғы демалыспен қамтиды деп жоспарланған. Қазіргі таңда өндірістік бақылаудан сараптамалық анализдер алынған.
Бүгінде «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагері 40 баламен жұмысын бастады.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы