Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің XI отырысы өтті. Кеңесте аудан әкімі С.Әлиевтің жыл бойғы атқарылған есебі тыңдалды.
Аудан басшысы Санжар Жұматайұлы аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу жұмыстарының өз нәтижесін бергенін атап өтті. Биылғы жылы атқарылатын жаңа жұмыс жоспарымен де таныстырды. Оның бірі ауданға инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Аудан орталығынан шағын шыны зауытын ашу жоспарда бар екенін айтты. Сондай-ақ ауданда сүт өндіру цехының да іске қосылатынын жеткізді.
Аудан әкімінің есебін тыңдаған кеңес мүшелері түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған нақты жауаптарын алды. Отырыс барысында жарыссөзге қатысқан аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, Қазақстан ауылдық округі қауымдастығының төрағасы Ж.Тұрымбетов әкімнің жыл бойғы атқарған жұмысына оң бағасын берді.
Н.Жәрдемова
Тасқала ауданы