12 қыркүйек – Отбасы күніне орай С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Галиева қатысты.
Сайыстың мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың бойында спортқа қызығушылық ояту және ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы келе жатқан Отбасы күнімен құттықтап, сайысқа қатысатын отбасыларға сәттілік тіледі.
Таныстыру мен әр түрлі сайыстардан тұратын 7 кезеңді қамтыған жарысқа 1-4 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты. Барлық сайысқа отбасылар белсенділік көрсетіп, нәтижесінде І орынды Давлетовтар отбасы иеленсе, ІІ орын мен ІІІ орынды Мусралиевтер мен Нигметовтар отбасы қанжығасына байлады.
Барлық жеңімпаздарға кубок, медаль мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы