Халықтық "Ақтілеу" әжелер ансамблі №330 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Әжелер ансамблі – жергілікті мәдениеттің жарқын өкілдері, олар көптеген жылдар бойы халықтық әндер мен дәстүрлерді сақтап, ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қадірлі жандар. Сайлау учаскесіне келген олар бірінші кезекте салт-дәстүрге сай, бата оқып, референдумның сәтті өтіп, елге жақсылық әкелуін тілеп, жақсылыққа жорыды.
Ансамбль мүшелері референдумға қатысуды азаматтық борышы деп санайды. Олардың айтуынша, әрбір азамат ел болашағына әсер ететін маңызды шешімдерге атсалысуы керек.
Болат Бек,
Тасқала ауданы