Тасқалада халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылау мақсатында аудандық үкіметтік емес ұжым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Жолдауға қатысты пікірлер тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынның ашылуында аудандық халықтық штаб төрағасы Люция Жұбанышқалиева сөз сөйлеп, кездесудің мақсатына тоқталып өтті.
Жолдаудың маңыздылығын тілге тиек етіп, 6 қазанда АЭС салу бойынша өтетін референдумға қатысты ойымен бөлісті. АЭС құрылысының елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін, қазіргі заманғы технологиялық қауіпсіздігі, оның қоршаған ортаға әсері, сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігі туралы нақты мәліметтер берді.
Сонымен қатар халықтық штаб мүшелері БҚОФ ЖШС «ҚАЖ Сервис» және аудандық коммуналдық шаруашылық мекеме ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері Жолдаудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, оның әрбір тармағының өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ АЭС салу жөнінде өтетін референдум туралы ақпарат айтылды.
Болатбек Сапарғалиев
Тасқала ауданы