Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Тасқала ауданының прокуроры болып Алмас Унаев тағайындалды.
Аудан активіне жаңа прокурорды БҚО прокурорының бірінші орынбасары Умаргалиев Дәурен Батырғалиұлы таныстырды.
Унаев Алмас Маратұлы 1987 жылы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі.
Әр жылдары БҚО, Ақжайық, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының прокуратурасында прокурор көмекшісі, аға прокурор, бөлім бастығы, прокурор орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 25 тамызынан осы күнге дейін Орал қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Дәурен Батырғалиұлы және аудан әкімінің м.а. Рауан Бисенғалиұлы Алмас Маратұлын жаңа лауазымен құттықтап, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған алдағы қызметіне табыстар тіледі.
Рауан Бисенғалиұлы актив отырысында осыған дейін аудан прокуроры қызметін атқарған Дәурен Еркінұлын аудан активі атынан алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы