Тасқала аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы есептік кездесуде облыс әкімі Алтай Сейдірұлына жаңа нысандар мен жолға қойылған жобаларды таныстырды.
Солардың қатарында Тасқала ауылында бой көтеретін 320 көрермендік орнынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.
Жобаға Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тапсырыс берген. Қазіргі кезде жобалаушы «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-мен бірлескен жұмыс атқарылуда.
-Аудан орталығында салынатын кешен тұрғындар үшін ыңғайлы жерде бой көтереді. «Сәулет» мектеп-лицейіне жақын жерде тұрғызылатын кешеннің жер аумағы 2,4 гектар,- деді аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы.
Назгүл Жәрдемова,
суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов
Тасқала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер