17.09.2025, 10:15
Оқылды: 266

Тасқалада жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, кеңес төрағасы Талғат Асқарұлы, ауылдық округ әкімдері және жастар ісіне жауапты мамандар қатысты. Кеңес барысында жастарға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ең алдымен жастар саясатының жүзеге асырылуы және жастар арасындағы проблемалық жағдайлар туралы Шежін ауылдық округінің әкімі Миржан Ескалиев баяндама жасады. Одан әрі  кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі  балалар инспекторы Элдар Тапалов жаз мезгілінде түнгі құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары бойынша мәлімет берді.

WhatsApp Image 2025-09-16 at 17.25.00

Қорытынды баяндаманы Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы жайында жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы Жиенбай Мирамбаев жасады. Жиын барысында жастардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды спорт пен мәдени шараларға тарту, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастар бастамаларын қолдау мәселелері  жөнінде қызу талқыланды.

Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімі Талғат Шакиров жастардың ел болашағы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Жастардың рухы биік болуы, олардың жаңа идеялары мен бастамалары әрқашан қолдау табуы тиіс. Біз алға қойған міндеттерді бірлесе атқаруымыз қажет», – деген аудан әкімі Талғат Асқарұлы жастарға нақты тапсырмалар берді.

                                                                                                           Ел Аман,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале