19.02.2025, 9:30
Оқылды: 281

Тасқалада «Жүрек төріндегі жауһар жыр» атты байқау өтті  

Жуырда «Сәулет» мектеп-лицейінің ғимаратында эпик ақын КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Тасқала ауданының құрметті азаматы» Айтқали Нәріковтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жүрек төріндегі жауһар жыр» атты қаламгерлердің мерейтойына арналған шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Байқау (1)

Оның  мақсаты жерлес қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, ел келешегі жас ұрпақ санасында тарихи сананы қалыптастыру, жас буынды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, поэзияға, көркем шығармалар арқылы туған жерін сүюге және қастерлеуге, ортақ құндылықтарға және ұлттық бірлікке баулып, тәрбиелеу, сонымен қатар, балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу болатын. Байқауға аудан мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан  барлығы 41 оқушы қатысты.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен төмендегідей белгіленді.

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...»  мәнерлеп оқу бағыты бойынша үшінші сынып оқушылар арасында І орынды «Ақтау «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Айнамкөз Жанболат жеңіп алса, ІІ орын мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Дастан Хайрғалиға бұйырды. ІІІ орынды  «Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Зере Сұңғат пен «Оян  мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Ерке Бақтығали иеленді.

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген...» мәнерлеп оқу бағыты бойынша 4 сынып оқушылар арасында Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Наз Самат топ жарса, ІІ орын «Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Наби Ғұбайдуллинге бұйырды. Ал, ІІІ орынға «Ақтау мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Жанерке Закариянова мен Мерей жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Әлижан Мардан жайғасты.

«Туған жер, теңдесі жоқ дара бағым...» автор әндерін орындауда  5-7 сынып оқушылары арасында Бірлік негізгі орта мектебінің оқушысы Аминат Длимова үздік атанса,  «Атамекен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Еркін Өтеп ІІ орын алды. ІІІ орынға «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Әсемай Жасұлан мен «Ақтау «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Әділбек Шынбаев жайғасты .

«Сол баяғы қағазбенен, қаламмен» атты  жас ақындар мүшәйрасы 7-9 сынып оқушылар арасында оздырылды.  Бұл сайыста Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Айым Әнуар І орынды иеленді. ІІ орын  «Мереке  «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Жұлдыз Бөгенбайға бұйырды.

ІІІ орынды «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Жанерке Қалихан мен «Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Думан Қалиулла иеленді.

«Туған жердің тылсым сырын ұғып көр...» атты  жас суретшілер 9-11 сынып оқушылары арасында тартысты өтті. Бұл байқауда «Атамекен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Әдемі Меңсейітқызының  туындысы үздік деп танылса, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Айым Вахиттің туындысы ІІ орынға, ал,  «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Диляра Тілеумбетова мен «Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Айзада Жалмұханбетованың туындылары ІІІ орынды жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі аудандық білім беру бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале