Бірнеше күннен бері ауылдарын су басып, тасқынмен күресіп жатқан Теректі ауданына Тасқала ауданынан көмек келді.
Подстепный ауылындағы спорт кешенінде уақытша орналасқан эвакуациялау пунктіне азық-түлік, жеке күтім бұйымдары сияқты күнделікті қажетті заттарды жеткізген үш автокөлікті Тасқала ауданы әкімінің орынбасары бастап келді.
Ұзынкөл су қоймасынан туындаған қауіпті жағдайға байланысты эвакуациялық пунктті паналаған теректілік тұрғындар төсек-орын, тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр.
Жиған-тергенін тастап шыққан халық тасқалалық ағайынның көмегіне риза.
Тамара Жұмат
Теректі ауданы