Бүгін қасиетті жұма күні Тасқала ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасқала ауданы қарғын судан зардап шеккен Теректі ауданының халқына гуманитарлық көмек жіберді.
Оған барша тасқалалық үлес қосты. Әсіресе ауылдық округтер де бұл сауапты істен құр қалмады. Әрқайсысы өздерінің қал-қадірінше көмек қолдарын созды. Біреулері азық-түлік беріп көмектессе, енді бірі тұрмыстық және гигиеналық заттар берді. Сондай-ақ балаларға арналған жөргектер мен жаңа аяқ киімдер де болды. Көмек қолын созғандардың қатарында депуттар мен жеке қожалықтар, «АMANAT» партиясы мен іскер әйелдер қауымы, аудан жастары мен мекеме-ұжымдар, аудан орталығындағы сауда орындарының иелері бар.
Төрт сағаттың ішінде барлық жиналған қажетті зат үш Газель автокөлігіне тиеліп жолға шықты. Көмек керуенін аудан әкімі Талғат Шакировтың өзі ақ жол тілеп шығарып салды.
Назерке Мұсағалиева,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz