Тасқала аудандық балалар музыка мектебінің ансамбль құрамы Тараз қаласында өткен «Көне Тараз күмбірі» республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсына қатысты. Конкурсқа республиканың әр қиырынан келген белгілі он екі ансамбль арасынан озық шығып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Конкурс ережесіне сәйкес төрт музыкалық шығарманы Тоғжан Жахинның «Бабалар мекені – Алтай», Марат Бердіқұловтың «Шахристан» жерлесіміз Алтай Қожаевтың «Ешкітау» күйін және жерлесіміз Лұқпан Шүкейевтің «Тамыры терең – Таразым» туындаларын орындап, тараздық ағайынның зор ықыласына ие болды.
Биылғы оқу жылынан бастап балалар музыка мектебі жанынан құрылған Мәншүк Самиева жетекшілік ететін «Бастау» ансамблінің толағай табыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Гүлмира Мақанова
Тасқала ауданы