14.09.2024, 18:00
Оқылды: 85

Тасқалалық ардагер ұстаз 80 жасқа толды

Бүгін Тасқала ауданына қарасты Мереке ауылдық округінің әкімі Мэлс Нәріков Мереке ауылының тұрғыны, «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі», «Жоғарғы санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» Ұлғаным Жармұханованы Ақтөбе қаласында болуына байланысты 80 жасқа толуына орай онлайн режимде құттықтады. БҚО Оған Білім басқармасының атынан жеткен алғысхатты оқып, жүрек жарды лебізін жеткізді.

IMG-20240914-WA0014

Мерейлі жасқа толған ұлағатты ұстаз Ұлғаным Каменқызы 1944 жылы қыркүйек айында бұрынғы Орал облысы, Камен ауданы, Крупская атындағы совхозда дүниеге келген.

Әкесі ІІ,ІІІ дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері.

1952-1956 оқу жылдарында Жайықбай бөлімшесінде бастауыш мектепте білім алған.

1956-1959 жылдары орталықтағы Н.К. Крупская атындағы жетіжылдық мектепте оқып, үздіктер қатарында болған.

1962 жылы Оралдағы А.С.Пушкин атындағы педогогикалық институтының «Тарих-филология» факультетін тәмамдаған.

1966 жылы «Тарих және қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Оған қосымша мұғалім жетіспеген жағдайда неміс тілінің мұғалімі бола алады деген анықтамасы болған.

1966-1967 жылдары аралығында Орал қалалық телевидиесінде режиссер, кейде дикторларды ауыстырып, жұмыс жасаған.

1967 жылдың қыркүйегінен бастап 2003 жылға дейін Мереке орта мектебінде қазақ тілінен сабақ берген.

Бүгінгі күні ол 1 қыз, 2 ұлдан өрбіген ұрпақтың рахатына кенеліп, ел-жұртының амандығын тілеп отырған ақ жаулықты әже.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале