Астана қаласында Қазақстанның авторлық әндер жанрына қолдау көрсету, жастардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсатында «Струнная капель- 2018» фестивалі өтті.
Мұнда әр облыстан келген 16-18 жас аралығындағы жас бард әншілер өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты. Аталмыш байқауға Тасқала ауданынан Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Райымбек Губайдуллин мен Мақсат Тасболатов қатысты. Олар бард әндерін орындау аталымы бойынша жүлделі І орын, қазақ әндері аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Байқауда өнерпаздар ән айтумен қатар гитарада ойнау шеберліктерін көрсетті.
Әсем Серікқали,
Тасқала ауданы