Тасқалаға келген облыс басшысы Ғ.Есқалиев аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ұйымдастырылған көрмені аралады.
Көрмеге ауыл шаруашылық саласы мен өзге де салалар бойынша жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкерлердің жұмыстары қойылды. Атап айтқанда мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грантқа қол жеткізген жас кәсіпкерлер көрмені ұйымдастыруға белсене қатысты.
Бүгінгі таңда аудан мен облыс көлеміне жақсы таныс былғары аяқ киім жасаушы Сейітқали Шотановтың жұмысы көптің назарын аударды. Заманға сай таза былғарыдан аяқ киім жасайтын кәсіпкер жұмыс барысын түсіндірді.
Сондай-ақ бүгіндері аудан бойынша кондитерлік өнімдер жасап, жапондардық суши-ролл тағамын дайындайтын жас кәсіпкерлер де жұмыстары жайлы айтып өтті. Қыз жасауы мен өзге де тұрмыстық бұйымдар дайындайтын қолөнер щеберлерінің де жұмыстары назардан тыс қалмады.
Айта кетейік, былтыр аудан бойынша «Жас кәсіпкер» жобасымен 56 адам кәсіпкерлік негізі оқуынан өтті. Оқуды аяқтағандар ішінен 1 жас шағын несиеге қол жеткізіп, 26 жас грант иегері атанды.
Шынтемір Қадыров
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер