Бүгін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин көпбалалы ананы қабылдап, «Күміс алқамен» марапаттады. Қабылдауға ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл қатысты.

Қабылдауға алты балаға өмір сыйлаған көпбалалы ана Жанар Ғазезоваға «Күміс алқа» белгісін тағып, кітапшасын салтанатты түрде табыстады.
«Жанұядағы тәрбиенің жақсы жетістіктері ата-ананың арқасы. Саналы ұрпақ тәрбиелеудің өзі үлкен міндет. Осы жерге жиналып сіздің қуанышыңызға ортақтасқанды жөн санадық. Жалпы халықтың демографиясын көтеруге атсалысқан өздеріңіздей аналарды кейінгі жастарға үлгі етуіміз керек. «Алтын алқа» иесі атануыңызға тілекшімін. Жанұяларыңыз көбейе берсін. Дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызықтарын көре беріңіздер. Тек жақсылық болсын. Бүгін міне сізге «Күміс алқаны салтанатты түрде табыс етудің куәсі болып отырмыз», - деді аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы