17.04.2024, 23:23
Оқылды: 61

Тасқалалық көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакиров батыр аналарды «Күміс алқамен» марапаттады. Қабылдауға ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл қатысты.

IMG-20240417-WA0121

Алты балаға өмір сыйлаған көпбалалы ана Ғазиза Сисенғалиева, Асылгүл Рахматуллинаға аудан әкімі «Күміс алқа» белгілерін тағып, кітапшасын салтанатты түрде табыстады.

- Жанұядағы тәрбиенің жақсы жетістіктері ата-ананың арқасы. Саналы ұрпақ тәрбиелеудің өзі үлкен міндет. Осы жерге жиналып сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасқанды жөн санадық. Жалпы халықтың демографиясын көтеруге атсалысқан өздеріңіздей аналарды кейінгі жастарға үлгі етуіміз керек. «Алтын алқа» иесі атануларыңызға тілекшімін. Жанұяларыңыз көбейе берсін. Дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызықтарын көре беріңіздер. Тек жақсылық болсын. Бүгін міне сізге «Күміс алқаны салтанатты түрде табыс етудің куәсі болып отырмыз», - деді аудан әкімі Талғат Асқарұлы.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале