24.02.2025, 17:00
Оқылды: 179

Тасқалалық оқушылар республикадан жүлдегер атанды

Жуырда Қарағанды қаласында кеме үлгілерін жасау спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы ашық чемпионаты өткен болатын.

Республикадан жүлдемен

Стендтік модельдеу жарысына Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының «Авто үлгілеу» және «Авиа үлгілеу» үйірмелерінің тәрбиеленушілері облыстың құрама командасымен бірге қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген 15 команда арасынан аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыстың нәтижесіде  "Д-9" (диорама 0,25 м2 қа дейін) классы бойынша Бекнұр Зәлі І орын, Аманат Зәлі ІІ орын, Алихан Жасқайрат ІІІ орын иеленді. "Д-10" (диорама 0,25 м2 дан жоғары) классы бойыншада Бекнұр Зәлі үздік атанып І орынды иеленді.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 17.44.12

Осыдай байрақты жарысқа оқушыларды дайындаған мектептен тыс  жұмыс орталығының «Авто үлгілеу» және «Авиа үлгілеу» үйірмелерінің жетекшісі Алихан Жасқайрат.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале