12.12.2024, 9:45
Оқылды: 193

Тасқалалық оқушылар республикалық фестивальде жүлдегер атанды

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұлттық-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өткен болатын.

жүлдемен оралды (1)

Оған ауданымыздан Шежін мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рүстем Әділбекұлы жетекшілік ететін 6 сынып оқушылары Бекзат Темірболатов, Нұрсаят Телжанов және Әсет Мұратов қатысып жүлделі оралды.

жүлдемен оралды (3)

Олар Астана қаласында жеңіл атлетикадан өткен жарыста 13 команданың арасынан жалпы командалық есепте 2 орынға табан тіреп өңіріміздің намысын қорғап қайтты.

Назерке Шайхолла

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале