17.05.2025, 9:00
Оқылды: 439

Тасқалалық палуандар әлем чемпионы атанды

Астана қаласында Парадзюдодан өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының сапында бақ сынап, командалық есепте Әлем чемпионы атанған жерлестеріміз Талғат Ажғалиев пен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ескендір Ульдановты бүгін аудан әкімі Талғат Шакиров құттықтады.

фото 1

Бүгін, тек Тасқала ғана емес, облысымыз үшінде ерекше күн деуге болады. Өйткені, алдарыңызда тұрған қос спортшымыз өздерінің мықтылығымен әлем чемпионы атанып отыр. Бұл біздің көптен күткен арманымыз. Бүгін соған қол жеткізіп отырмыз. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оның артында үлкен еңбек пен мықты жаттығулар тұр. Осындай мықтыларды өмірге әкелген ата-аналарына, баулыған бапкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұдан былай да жетісіктеріміз көп болсын-деген Талғат Асқарұлы қос чемпионға тұлпар мінгізді.

фото 3
Айта кетейік, 35 мемлекеттен қатысқан спортшылардың арасынан жерлестеріміз Талғат Әжіғалиев (алғашқы жаттықтырушысы Бектас Бақтыгереев) 95 келіден жоғары, ал, Ескендір Ульданов, (алғашқы жаттықтырушысы Еркебұлан Мұсағалиев) 70 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Және чемпионаттағы ең жас дзюдошы Ескендір Қуанышұлы болды.

фото 2
Салтанатты шараға спорт ардагері Қ.Баймағамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры мен ұстаздары, жаттықтырушылар мен оқушылар және палуандардың ата-аналары қатысты.

Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале