Тасқала ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз, қоғамда өзіндік орны бар беделді тұлға Бақтығұл Жұмажанұлы Тасмағамбетов бүгін өз әулетімен бірге №333 референдум учаскесіне келіп, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.

Өмірін білім беру саласына арнап, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаз әрқашан елдік мүдде мен қоғамдық жауапкершілікті жоғары қоя білетін азамат ретінде танымал. Бақтығұл Жұмажанұлы бүгінгі саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың ел алдындағы борышы екенін атап өтіп, жастарды да қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырды.
Еламан Құспанов
Тасқала ауданы