Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен Тасқала аудандық «Екпін» газетінің ұжымы келді.
Сапардың басты мақсаты журналистер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аудан тарихымен танысу болатын. Алғашында жолдың шалғайын яки «шоқалағын» алға тартқанымен, жол құрылысының аяқталып қалғанына куә болған тасқалалық тілшілер ерекше көңіл күймен жетті.
Әуелі газет жұмысымен танысу үшін редакцияға келді.
Жәнібектің көшесін аралаған олар «Қаһарман аудан» ескерткішіне тағзым етіп, 1942 жылы жау бомбасы түскен су мұнарасына барды. Соғыс оты шарпыған ауданның тарихына таңырқаған журналистер БҚО өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің құнды жәдігерлерімен танысты.
Жаңғыртылғалы жатқан түлектер саябағын көріп, аталған газет редакторы Темірболат Тоқмамбетов ел игілігі үшін жүзеге асатын жұмысқа сәттілік тіледі. Бастапқыда жол жайын айтып, ұзақ ойланған Тасқала ауданының тілшілері ойынан айнып, даму жолындағы Жәнібектің өткені мен бүгінін сараптап, лебізін білдірді.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz