22.12.2020, 15:23
Оқылды: 9

Тасқалалықтар үшін бағдарлама ұтымдылығын дәлелдеді

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналғаны баршаға мәлім.

IMG_1547

Елдегі төтенше жағдай кезеңінде Президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырманы жолдағаны да белгілі.

Маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастырылуы болып отыр. Бұл бағдарлама мемлекеттің ерекше бақылауында. Осыған байланысты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталғаны айқын.

IMG_2769

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанында №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі қарай Бағдарлама) үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Тасқала ауданы бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 215 295,0 мың теңге қаржы бөлінгенін атап өткен жөн.

Бағдарламаның І бағыты негізінде «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».

Биыл бағдарлама қатысушыларын кәсіптік оқумен қамтамасыз ету үшін 2531,0 мың теңге қаражат бөлініп, 15 адамды жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оқыту жоспарланса, есепті кезеңге 15 адам жолданып, «Газэлектрдәнекерлеу», «Маникюр-педикюр шебері», «Классикалық массажист» мамандықтарымен Орал қаласындағы оқу орталықтарына, «Тракторист-машинист», «Аспаз» мамандығын игеру үшін Тасқала колледжіне жолданды.

IMG_8396

Коледжде білім алған 15 адамның барлығы да жұмысқа орналастырылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен бағдарлама қатысушылары оқу ақысын төлеуде мемлекеттік қолдаумен, шәкіртақымен, тұрғын үйді жалға алу, жол жүру ақысымен және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда аудандық Тасқала колледжіне 25 адам «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығы негізінде он айлық оқуға аудандық білім бөлімі арқылы жіберілді.

Сондай-ақ бағдарламаның ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жайына тоқталсақ, бұл тұрғыда есепті кезеңге «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда 77 адам онлайн форматта оқып, бизнес жоспарларын сәтті қорғап, сертификатқа ие болды. Олардың ішінде 5 адам шағын несиеге қол жеткізсе, 57-сі грант иегері атанды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауданға биылғы жылы 155,0 мың. теңге қаражат бөлініп, есепті кезеңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолдама алғандардың ішінен 36 адам жылқы, мал, ұсақ мал шаруашылығын дамыту, жастықтарды химиялық жолмен тазарту қызметін көрсету мақсатында құрал-жабдықтар, ауылшаруашылық техникасын сатып алу сияқты бағыттарға 113,8 мың. теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізді.

IMG_2806

Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруда мемлекеттік гранттар беру мақсатында 145 адамға 80800,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Есепті кезеңге 146 адамға 200 АЕК көлемінде (8 көпбалалы, 24 аз қамтылған отбасыларға, 43 жасқа, 6 жұмысқа жарамды мүгедектер, 9 ресми тіркелген жұмыссыздар және 56 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы) 80800,0 мың теңге қаражат игеріліп, жоспар 100,7% -ға орындалды.

Биылғы оң өзгерістердің бірі аз қамтылған отбасы, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелері «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқымай-ақ мемлекеттік грантқа қол жеткізе алады. Грант алушылардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруда құс, жылқы, ірі қара, ұсақ мал шаруашылығы, жылыжай, тігін цехын ашу, наубайхана, кондитерлік тәттілер, фаст фуд, суши-ролы тағамын дайындау, дәнекерлеу қызметтері, темір қақпаларды салқын соғу машинасымен иіп жасау қызметі, жарнамалық қызметтер көрсету, жүн түту станогын алу, өрнектас шығарушы, сұлулық салоны қызметтерін көрсету бағыттары бойынша кәсіптерін дамытып, жұмыстанып жатқанын айта кеткен ләзім.

Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

IMG_5552

Жыл басынан орталыққа 1768 адам жұмысқа орналасу мәселесімен жолықса, 1704 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 773 адам жұмысқа орналастырылса, 41 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 96 жас маман жастар практикасына, 520 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. 15 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, 36 адам шағын несие алды.146 адамға грант беріліп, 77 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылды.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы жұмыспен нәтижелі түрде қамтуда бағдарламаның атқарар рөлі орасан. Есепті кезеңге ауданда бос жұмыс орындарына 773 адам орналастырылды.

Жыл басынан 1093 жаңа жұмыс орындары құрылып, оның 577-сі тұрақты болса, 516-сы маусымдық. Маусымдық жұмыс орындары қатарында «Жұмыспен қамтудың 2020- 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 110, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 46, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 29, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 516, шағын және орта бизнестегі жеке бастама бағыттары бойынша 382, басқа да бағдарламалар шеңберінде 10 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жайына тоқталсақ, Әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыру үшін 30 адамға 4315,0 мың теңге қаражат бөлініп, аудан аумағандағы 17 жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, оған 41 жұмыссыз азамат жолданды. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруда ауданда біркелкі істер атқарылуда.

Атап айтар болсақ, жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында 88 жас маманға 26210,0 мың теңге қаражат бөлініп, 51 жұмыс берушімен келісімшарт жасалса, 96 жас маман алғашқы тәжірибе жинау үшін 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 30666,0 мың теңге қаражат 269 адамға бөлінсе, биылғы жылғы төтенше жағдайларға байланысты республикалық бюджеттен 40400,0 мың теңге қаражат 150 адамға қосымша бөлінді. Есепті кезеңге 520 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданып, жоспар артығымен орындалды.

Алдағы уақытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасары сөзсіз.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Премьерминистрі А.Маминнің 2020 жылғы 27 наурыздағы №55-ө өкімімен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға жол картасы» Бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Бағдарламаның негізі мақсаттары жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу; қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу; елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау.

Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру мақсатында құрылған бағдарлама деп ауыз толтырып айтуға болады.

Аудан бойынша есепті кезеңге аталған бағдарлама аясында инфрақұрылымдық 15 жоба бойынша әртүрлі құрылыс жұмыстары оның ішінде ауылдық округтер бойынша нысандарды күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізу, көше жарықтарын орнату жоспарланды. Аталған жобалар бойынша жалпы 185 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталығы арқылы 97 жұмыс орны, жоба аяқталған соң 15 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланды.

Есепті күнге жалпы 201 адам жұмыспен қамтылған болса (жоспар – 109%), оның ішінде 110 азамат (жоспар – 113,4 %) Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды. Бұған қоса жобалар аяқталған соң құрылатын жұмыс орындары бойынша 5 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылса, қалған жұмыс орындары жыл аяғына дейін толықтай ашылады. Жалпы, бағдарламалардың аудан халқына берер мүмкіндіктері зор, қаншама жұмыссыздар, жастар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарын игеріп, кәсіптерін дамытып, қызметтерін атқаруда.

А.Абулхаирова,

Тасқала аудандық халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале