Көктемгі су тасқыны айтып келмейтін апаттар қатарында екені даусыз. Казталов ауданы бойынша тасқынға тосқауыл қою жұмысы қарқынды жалғасып жатыр.
Бүгін ауыл тұрғындары мен мекеме-ұйым қызметкерлері Жалпақтал ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстарын ертемен жалғастырып кетті. Онда су тасқынынан келетін қауіпті аймақтар жіті тексеріліп, нақты тапсырмалар алынды.
Сондықтан қауіп басындағы сала мамандары төтенше жағдайға әзір. Осы қазір «Аатобаза» маңындағы көпір жырылып, тасықын судың жолы кеңейтілді. Ол жөнінде Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерінің әкімдері ауыл тұрғындарының көмегімен қажетті топырақтар қапталып әзірлену үстінде екенін хабарлады.
Қазіргі сағатта шұғыл мәліметтің соңғы дерегі бойынша тасқын судың көтерілу мөлшері 7:38 деңгейін көрсетіп тұр. Қадағалау жұмыстары жалғасуда.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы