Елге түскен ауыртпалық кімге болса да оңай тимесі анық. Казталов ауданы Жалпақтал ауылының үстімен ағып өтетін Қараөзен өзенінің биылғы көктемдегі тасқыны тым ерекше. Қызыл су ауыл тұрғындарының біразын абдыратып тастады.
Тасқын судың екпіні әлі де басылар емес.
- Бұл тұрғыда ауылдағы өзге де мекеме-ұйымдармен қатар біздің Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің еңбек ұжымы көппен бірге су тасқынына қарсы үлкен қолғабыс көрсетуде. Олар ешқашан уақытпен санасқан емес. Тасқын судың алдын алу жолында күн-түн демей қолдары бос кезінде көмекке шығып жүр. Оның сыртында ауылымызға жан жақтан көмекке келген қызметшілерді қабылдап, жатын орын ұсынып, күн сайын таңертеңгі ас-ауқатын тегін беріп келеді. Елге түскен үлкен қиындық ынтымақ, бірлігіміздің арқасында тез аяқталып, ауыл тұрғындары мамыражай өміріне қайтадан оралса деген шынайы тілегіміз бар, - дейді Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі директорының орынбасары Айзада Жәрдемғалиқызы.
Соңғы мәлімет бойынша тасқын судың екпіні әлі де тоқтаған жоқ.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz