3.09.2024, 10:30
Оқылды: 45

«Тасқында тосырқап қалмадық» – Мирхат Ибраев

E770C66F-9CD7-46BE-AED4-C5099DAD3399

Мирхат Ибраев

«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Биыл жұртымыз сынаққа толы кезеңді бастан өткерді. Көктемгі су тасқыны байға да, жарлыға да қарамай, бір мезетте шайып өтті. Дүние-мүліктері жарамсыз болып, шаңырақтарынан кетуге, эвакуциялық пунктте тіршілік етуге мәжбүр болды.

Төтенше жағдай салдарынан Теректі ауданы бойынша 555 тұрғын үйге зардап келген. Бүгінгі күні 130 тұрғын үйді салу жұмысы аяқталды. Подстепный, Аңқаты ауылдарының тұрғындарына жаңа баспаналар салынып, пайдалануға берілді.

30 үй сатып алынып, 395 үйді жөндеу шығындары төленді. Тұрғындарға бірреттік материалдық көмекте берілді. Сол уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ауадай қажет тура шешімді шығарып, табиғат апатын еңсеруде бар күш-жігерін жұмсады. Бұл мәселені Мемлекет басшысының өзі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтіп, ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу керегін айтты.

– Көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Сол қиын күндерде біз ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсеттік. Қазақстанның әр аймағынан жиналған еріктілер мен жанашыр азаматтар зардап шеккен жұртқа көмек қолын созды. Менің елдік істен шет қалмау туралы үндеуіме ірі бизнес өкілдері де қолдау білдірді. Мемлекеттің батыл әрекеті мен халықтың өзара тілектес болуының арқасында аса қиын жағдайдан аман-есен өттік. Дегенмен орталық және жергілікті билік өкілдері осы оқиғадан сабақ алуы керек. Қазіргі заманда біз кез келген қатерге дайын болуымыз қажет. Сондықтан қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтай білген жөн, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«АМАNAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы ретінде Президент ұсынысын толық қолдаймын. Күш бермей, есеңгіретіп жіберетін су тасқыны енді елге келмегей!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале