19.04.2024, 12:49
Оқылды: 58

Тасқынға тосқын болу – ортақ іс

Бәйтерек ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларға жәрдемдесіп жатқан 500 сарбазға тамақ дайындауға «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының өкілдері үлестерін қосты. 

WhatsApp Image 2024-04-19 at 13.46.11 (1)

Жақында облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Есен Сүндетов зайыбы Әлия Сүндетова екеуі Оралдағы "Al-Farabi", "Melange" мейрамханалары мен "МеталлИнвест" ЖСШ металл базалары желілерімен біріп, бес күн бойы жауынгерлерге кешкі ас ұйымдастырды. Олар дайындалған ас-ауқатты партияның аудандық филиалының еріктілері мен партия мүшелері Январцев, Рубежин, Дариян, Байқоныс  ауылдық округтеріне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етті.

- «Қазақта «Ел басына күн туса, ат ауыздықпен су ішер, ер етігімен су кешер» деген сөз бар. Қазіргі сындарлы сәтте «аманаттықтар» қарап отырған жоқ. Мәселен, Парламент Мәжілісі фракциясындағы әріптестеріміз су тасқыны болған, әлі де қатері сейілмеген өңірлерге, соның ішінде біздің де облысымызға келіп, жағдаймен танысып жатыр. Олар тасқынға тосқын болатындай тас-түйін дайын болуымыз үшін еліміздегі бар күшті, ресурстарды ең алдымен Ақ Жайық өңіріне жұмылдыруға атсалысып, туындаған мәселелерді жедел шешуді жоғары деңгейде көтеріп жатыр. Басқа өңірлердегі әріптестеріміз де техникалық, гуманитарлық және өзге бағыттарда көмек көрсетуде. Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттағы әріптестеріміз күндіз-түні су тасқынынан қорғау бағытындағы іс-шаралардың белортасында жүр. Қашан да елдің бірлігі төнген кез-келген қауіптен сақтайтынын ұмытпауымыз керек, - дейді «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Бибигүл Ахметжанова.

Салтанат Серікбайқызы,

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале