3.11.2021, 11:38
Оқылды: 25

Татар ұлттық шығармашылық орталығы концерт берді

Қайырымдылық айы аяқталғанымен көмек пен көңілге мұқтаж адамдарға деген қамқорлығын аямайтын жандар жоғалмады.

13

Жуырда Переметный ауылындағы «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  орталығына барған «Шатлық» татар ұлттық шығармашылық орталығының ұжымы қызмет алушыларға шағын концертін ұсынып, қариялар мен кейуаналардың ақ батасын алды.

14

Сондай-ақ шығармашылық ұжым жетекшісі Екатерина Федорова тағдыр жазуымен арнаулы орынға келген жандарға қамқорлығын аямай, көмек беріп жүрген мекеме ұжымына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар күні кеше өткен әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының мерекесімен құттықтады.

-Татар ұлттық шығармашылық орталығы ауданның қоғамдық саяси өмірінен шет қалған емес. «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы біз үшін жат жер емес. Әр мереке сайын келіп, аға буын өкілдерінің жағдайымен танысып, көңілдерін аулап тұрамыз. алдағы уақытта да игі шараларымыз жалғаса бермек,-дейді «Шатлық» татар ұлттық шығармашылық орталығының жетекшісі Екатерина Федорова.

Қызмет алушыларға керемет көңіл-күй сыйлаған кеш соңында орталық директоры Альберт Талпахов шынайы көңілмен қызықты кеш ұсынған ұлттық орталық ұжымына алғысын білдірді.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале