4.02.2020, 17:33
Оқылды: 29

Татарстанды өнерімен тәнті етті

Татарстанның астанасы - Қазаннан сүйінші хабар жетті. Жиганов- vivo V ашық республикалық фестиваль-конкурсына қатысқан аудандық саз мектебінің шәкірттері мінсіз шеберліктерін танытып, жүлдегер атанды. 

ORDA

Өнер ортасынан шалғайда жатқан құмды ауылдың талантты қыздары Татарстанды өнерлерімен мойындатты. Жүзге жуық үміткер қатысқан  аламаннан бәйге алу оңай емесі анық. Нақтырақ айтсақ, майталман маман Самал Рахымжанова баулыған таланттар Сезім, Айым Хамидоллалар мен Аянат Шынболатқызы Н.Жигановтың "Сказка", "Вальс", "Мелодия", "Игра" сияқты шығармаларын фортепианода шебер орындап, музыка мамандарын өз өнерлерімен тәнті еткен.

Осылайша аталмыш конкурста  Сезім Хамидолла І орын иеленсе, Аянат Шынболатқызы мен Айым Хамидолла ІІ орыннан көрінген. Ал Аянат пен Сезімнің ансамбльдік орындауы да жүлделі ІІ орынға лайық деп танылған.

Бұл бөкейлік жас таланттардың алғашқы жеңісі емес. Біз бұдан бұрын олардың Орал қаласында өткен сазгер Назиб Жиганов атындағы халықаралық байқауда жүлдегер атанғандарын, Айым, Сезім Хамидоллалар Мәскеу төрінде де өз таланттарымен топ жарғанын жазған едік.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале