1.05.2023, 16:11
Оқылды: 29

Татулықты ту еткен мереке

Бүгін орталық алаңда 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесі тойланды. Достық биін тарту еткен бүлдіршіндер көрермендердің ықыласына бөленді.

WhatsApp Image 2023-05-01 at 13.34.10

Нұрлыхан Кәрімов пен Анаргүл Молдашева кеш тізгінін қолға алып, елмен сәлемдесті. Содан соң құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Азамат Сафималиевқа берілді. Ол айтулы мерекенің мәні мен мағынасын ашып, ауданымызда ғұмыр кешкен әр қазақ пен өзге ұлт өкілдерінің арасындағы мызғымас бірлік туралы тарқатып, жүрекжарды лебізін білдірді.

WhatsApp Image 2023-05-01 at 13.34.11

Мың бұралған "Ақмаржан" халықтық бишілер ансамблі қазақ, өзбек, орыс, украин, жапон халықтарының биінен шашу шашып, сахнаның көркін қыздырса, таяуда Орал қаласында өткен "Балдәурен" балалар шығармашылығы байқауының жүлдегері Ақниет Қайрат "Сәлем, Қазақстан" әнін тебірене шырқады. Қазақтың бірлігі ән мен жырға қосылып, асқақталған күнінде "Ақниет", "Асыл арна", "Надежда" әжелер ансамблі сахна төрінен табылып, халық әндері "Тойбазар", "Ақжайнақпен" көңіл шалықтатып, орыс халқының әні "Вишня белоснежнаяны" әуелетті. Ауданның бетке ұстар өнерпаздары Райымбек Кәрімов пен Шынар Каюпова "Ауылым", "Мен туралы" әндерін қосыла шырқап, ерекше әсер қалдырса, жас өнерпаз Фатима Жұмабек те өз ұстаздары өнер көрсеткен киелі сахнаға қаймықпай қадам басып, дарынын паш етті. Халық бірлігі мен ел тұтастығы ұлықталған шара көтеріңкі көңіл-күймен мәресіне жетті.

WhatsApp Image 2023-05-01 at 13.34.12

WhatsApp Image 2023-05-01 at 13.34.12 (1)

 

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале