Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында өткен бәйтеректік өнерпаздардың «Туған жерім – тұғырым» концертінің алдында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі болды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Бәйтерек аудандық бөлімшесінің басшысы Әсел Қартқожақованың айтуынша, мұнда ауданның әр ауылынан он кәсіп иесі келген.
Олар тамақ, киім, жиһаз және өзге де тұрмыстық заттар секілді өнімдерін әкелген.
- Біз бұл көрмеге тек әйелдерді шақырдық. Таяуда ауданымызда болған іскер әйелдер форумында ерекше тауарларымен көзге түскендері ғана келді. Себебі, көбі мұндай жерде, көпшілік ортада болмаған. Бойларын үйретсін, көрсін, тауарларына ел-жұрттың берген бағаларын білсін деген мақсаттағы шақыртуымызды қабыл алғандарына ризамыз, - деді Әсел Қартқожақова.
Айта кетейік, концерттің алдында көрмені тамашалаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев бәйтеректік қыз-келіншектердің өнімдеріне жоғары бағасын берді.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz