15.12.2022, 16:45
Оқылды: 56

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Теректіліктер елдің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін салтанатты шаралар шеңберінде атап өтуде.

image-15-12-22-03-31 (1)

Бүгін аудан орталығындағы «Тәуелсіздік монументі» жанына жиналған теректіліктер тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды  бір минуттық үнсіздікте тұрып, еске алды.

Мемлекеттік қызметтің ортасында жүріп, егемен елдің қалыптасуын алғашқы күнінен бастап басынан өткерген  ауданның құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов сөз алып, «Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» деген ізгі тілегін жеткізді.

image-15-12-22-03-30

Аудан әкімі Тілек Габдушев пен желтоқсан көтерілісіне қатысушы Ләйлә Қаражігітова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов пен желтоқсаншы Жанболат Ешов, «Сябры» белорус этно-мәдени орталығының жетекшісі Мария Плетенная мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев монументке тағзым гүл шоқтарын қойып,  «Тәуелсіздікке тағзым» рәсімін атқарды.

image-15-12-22-03-30 (1)

Салтанатты шара одан әрі мәдениет үйінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты дөңгелек үстелмен жалғасты.

image-15-12-22-03-31 (3)

Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері: Новопавловка ауылдық клубының меңгерушісі Ләйлә Қаражігітова, Абай орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жанболат Ешов, «Теректі» колледжінің қызметкері Миуаш Таушова арнайы шақырылды.  Басқосуда мерекемен құттықтаған аудан басшысы Тілек Габдушев Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық мәслихат хатшысы  Бибігүл Қонысбаеваның алғыс хатын Болат Кенжеғұловқа табыстады. Көпбалалы ана,  Теректі ауылының тұрғыны Бақытгүл Шакироваға «Алтын алқа» табыс етті.

Қаралы желтоқсан оқиғасының куәгерлері естеліктерімен бөлісті. «Бейбіт шеру болып жатыр»  дегенді естіп алаңға барғанын,  күн  ызғарына  қарамастан үш күн алаңда болған оқиғалар жайлы,  оқудан шығарылғандар мен тұтқынға түскен студенттер жайлы тебірене отырып әңгімелеген оларды жастар мұқият тыңдады.

image-15-12-22-03-31 (4)

Әсерлі естеліктер айтылған жиында елге, жерге деген сүйіспеншілікке толы рухты әндер мен жыр шумақтары да оқылды. Барлық адамның көзінде енді ондай оқиға қайталанбасыншы деп тұрғандай болды.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале