16.12.2025, 11:30
Оқылды: 10

Тәуелсіздік – ел бақыты

Кеше Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тарих. Бүгін. Болашақ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.37.35 (1)
Тәуелсіздік – Қазақстанның әлемдік аренада өзін танытуына, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және еліміздің әрбір азаматына жаңа мүмкіндіктер мен еркіндік беруге жол ашты. Бұл күнді мерекелеу – ұлттың бірлігін нығайтып, еліміздің болашағына деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Мерекеге арналған іс-шараны аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев алғы сөзімен ашып, барша қатысушыларды маңызды мереке ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.37.35 (9)
– Бүгін біз баршамыз үшін ең қастерлі мерекелердің бірі Тәуелсіздік күні қарсаңында бас қосып отырмыз.
Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан, азаттықтың ақ таңы атқан ұлы мереке. Тәуелсіздік - біз үшін тек тарихи ұғым ғана емес. Ол еліміздің, бірлігіміз бен ынтымағымыздың, болашаққа деген нық қадамымыздың символы.
Мемлекетіміздің қалыптасу жолында халқымыз талай сынақты басынан өткерді. Бүгін сол еңбектің жемісі ретінде бейбіт өмір сүріп, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда дамып келе жатқан егемен елміз.
Ауданымызда осы жетістіктерден тыс емес. Соңғы жылдары өңірімізде жаңа жобалар жүзеге асып, инфрақұрылым нығайып, әлеуметтік нысандар ашылып, халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Бұл баршамыздың бірлескен еңбегіміздің нәтижесі, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.37.35 (6)
Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев мерекеге орай түрлі сала қызметінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мэлс Искаков «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Ғабит Маханов, Еркінғали Жұбанов, Ақкүн Мұратова, Әлинұр Қалиолла, Майрагүл Дошпановалар аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.
Айтулы іс-шарада аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мәулен Қожахметов пен еңбек ардагері Еркінбек Жәнібеков айырықша мерекеге байланысты құттықтау сөзін арнап, тәуелсіздік жолындағы ел халқының еңбегі мен атқарылған ауқымды істерге тоқталды.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.37.35 (5)
Тәуелсіздік мерекесінде Мэлс Тлектесұлы, Ғабит Маханов, Майрагүл Дошпановалар мамандықтары турасында әңгімелеп берсе, ауыл олимпиадасының жүлдегерлері Ақкүн Қанатқызы мен Әлинұр Берікұлы жетістіктері турасында айтып, ақын Еркінғали Жұбанов туындысын оқып беріп, тәуелсіздігіміздің баянды болуына тілектестіктерін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-12-15 at 12.37.35
Мерекелік жиын аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының және мектеп оқушыларының сазды бағдарламасына ұласты.

Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале