22.11.2021, 13:00
Оқылды: 44

«Тәуелсіздікке тарту»: көрерменін тәнті етті 

Шыңғырлау ауданындағы барлық ауылдық округ өнерпаздары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламасын кезек-кезегімен көрерменге ұсынуда. Осы орайда, Ақбұлақ және Ащысай ауылдық округі көркемөнерпаздары да жас мемлекетіміздің мерейлі тойына орайластырып дайындаған концертімен аудан тұрғындарын тәнті етті.

IMG_3620

Көрермендер алдымен көгілдір экраннан қос ауылдық округтің тәуелсіздің жылдарында жеткен жетістіктері насихатталған бейнебаянды тамашалады. Жалпы бұл концерттің басты ерекшілігі – ел Тәуелсіздігінің тарихы кеңінен ашылған көріністің қойылуы болды. Терең ой сала білген көріністі көрермен жылы қабылдады.

IMG_3942

Көркемөнерпаздармен қатар, ауыл тұрғындары да өз өнерлерін шебер көрсете білген концертте әсем ән де, би де, көрініс те – барлығы жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Сахна төрінде ел мерейін асқақтататын патриоттық мазмұнда  шырқалған әсем әндер, расымен де, тәуелсіздікке де,  көрерменге де жақсы тарту болды.

Концерт соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязов қос округ көркемөнерпаздарына тамаша концерттік бағдарламалары үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан алғысхат табыс етті.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале