26.10.2021, 17:52
Оқылды: 53

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 ағаш

Жәнібек ауылындағы «Батырлар аллеясында» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп қарағай ағашы егу ұйымдастырылды. Ағаш отырғызу рәсіміне аудан әкімі Азамат Сафималиев, «Nur otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов бастаған басшы-қосшылар белсене қатысты.

ECE9190E-4028-4B2C-8474-91931EAFB230

-Биыл ерекше жыл. Тәуелсіздігімізге 30 жыл болды. Осы орайда екі бағанға 30 түптен барлығы 60 қарағай ағашын ектік. Біз табиғатты қорғап, құрметтеуіміз керек. Айналаны жасыл желекке бөлеу арқылы ауаның тазалығын сақтаймыз және ауылдың көркі арта түседі, - деді Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев.

Қ.Қалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале