1.06.2021, 10:04
Оқылды: 46

Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Биыл Тәуелсіздіктің отыз жылдығымен жарыса 1991 жылдың ұл-қыздары да отызға толады. Ең қызығы Тәуелсіздік құрдасымен сұқбаттасайық деп іздей бастағанда, Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылынан ордалы отызды еңсерген бір тұрғын табылды. Ол - бастауыш сынып мұғалімі Камшат Бақытжанқызы.

36AD00F6-9FF2-47C4-8C3F-FDE7A31E04C7

Казталов ауданы, Көпкүтір ауылында дүниеге келген ол бала кезінен елгезек, пысық, өлең шығаруға жаны құмар боп өскен. Өсе келе ұстаздық жолды таңдапты. Бүгінде Камшат Каракулова Егіндібұлақта еңбек етеді. Оның жолдасы Сержан Телманұлы да ұстаз. Сегіз жылдан бері ауылда еңбек етіп келеді.

Ұстаздар отбасы қазірде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Түрлі шараларға белсене қатысатын үлгілі отбасы. Отбасы ұйытқысы, аяулы ана, адал жар, ибалы келін, ұлағатты ұстаз сынды қасиеттерді бойына жинақтаған Камшат Бақытжанқызын нағыз тәуелсіздік құрдасы деп ұялмай мақтанышпен айта аламыз. Өйткені оның сабақтары қызықты, шәкірттері алғыр.

 Мерует Ешниязова,

Бәйтерек ауданы,

Егіндібұлақ ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале