25.01.2025, 9:00
Оқылды: 291

«Тәулігіне 1500 көлік» – Жұмагелді Батырниязов

 Сырым ауданының транзиттік әлеуетін арттыру үшін Жымпиты – тоғыз жолдың торабында тұрған кент.
IMG_7850
Сырым ауданы аумағында республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы (318-436 км), облыстық маңызы бар Ақсай-Жымпиты (75 км), Қаратөбе-Жымпиты (55 км) және аудандық 253 км көлеміндегі жолдар бар.
Аталмыш жолдармен тәулігіне 1500-ге жуық автокөліктер мен жүк көліктері өтеді. Басым бағытта Самара-Шымкент республикалық маңызы бар  тас жолымен  шет елдермен облыс орталықтарына жүк және жолаушылар тасымалданады.
Жолаушы тасымалы біздің тұрғындар үшін табыс көзі болып отырғаны да жасырын емес. Аудан бойынша жолаушыларға  заңдастырылған «Сырым» такси жүйесі қызмет көрсетеді. Такси қызметі 30 дана автокөлікпен қамтылған.
Әрине, халықтың әл-ауқаты әр алуан екенін ұмытпау керек.  Жымпиты-Орал-Жымпиты бағытында жолақысы 900 теңгені құрайтын 15 орындық «Mercedes-Sprinter» автокөлігі тұрғындарды тасымалдайды. Қауіпсіз әрі арзан қатынас құралын іздегендерге бұл қолайлы қызмет.
Жалпы айтқанда, жол – Сырым елінің күретамыры деуге болады.
Жұмагелді Батырниязов
Сырым ауданының әкімі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале