Жәнібек ауданының Тау ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағыты аясында «Қайрат» бөбекжайының айналасын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған ауылдық округ әкімі Кенжебек Еркеғұловтың айтуынша, бұл игі іске мұрындық болып отырған ауылдағы шаруа қожалықтың жетекшісі Дархан Зайнуллин.
- Бөбекжайдың сырты ұзақ жылдар сыммен қоршалып, әбден тозығы жетіп, көзге көрнексіз көрінетін еді,- дейді ауыл әкімі.
- Қазір Дархан айналасын қоршайтын материалдар алып келді. Бөбекжай қызметкерлері мен ауыл жігіттері бірлесіп, бөбекжай төңірегіне су жаңа қада қағып, қоршауда.
Осы оң істі қолға алған Дархан:
-«Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ауылға қандайма болмасын көмегімді тигізгім келіп, ауыл әкімінен: «Шешімін таппай тұрған тұрған қандай істер бар, мүмкіндігінше қол ұшымды берейін»,- дегенімде осы жұмысқа жәрдемдесуімді ұсынды. Міне, өзіңіз көріп тұрғандай, бөбекжайдың айналасын қоршауды бастап кеттік, - дейді ол.
Бөбекжайдың директоры Алтынай Қарашева шаруа қожалық жетекшісінің бұл ісіне ризашылығын білдірді.
–Бөбекжай маңы қоршауының сүреңсіз, сұрқай тартып тұрғаны көптен көңілімді мазалайтын. Дархан жас бүлдіршіндер үшін жақсы, ізгі іс жасап, ауыл адамдарын қуантып отыр. Ата-аналар бөбекжайға демеушілік жасап, балаларға ойыншықтар алып берді. Олардың бұл қолдауына разымын,-деді бөбекжай директоры.
Н.ӨТЕЙ,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!