5.05.2022, 12:45
Оқылды: 54

Таулықтардың тілегі тыңдалды

Президенттің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сай Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев пен дербес бөлім басшылары Тау ауылдық округіне барып, халықпен кездесті. Аудан басшысы есеп беру жиынында көтерілген мәселелерге, сондай-ақ олардың орындалу барысына тоқталды. Атап айтсақ, «Қайрат» бөбекжайын күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңадан ғимарат салу мәселесі облысқа жолданып, қазіргі таңда жауабы күтілуде екендігін айтты. Сонымен қатар, Азамат Сафималиұлы басқа да ауылдық округтердегі ауылдың ахуалы жайында да сөз қозғады.

WhatsApp Image 2022-05-04 at 14.44.25

Ауыл  тұрғыны Мерлан Еслямов ауылға кіреберістегі 5 шақырым жолға асфальт төсеу жөнінде айтса, Жамаш Есенов ауылда мал саны көбейгендіктен, мал жайылымының тапшылығын тілге тиек етті. Ал, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Балбұлсын Бексейітова ауыл тазалығына мән беріп, бос жүрген малдарды қамау керектігіне назар аударды. «Сұңқар» шаруа қожалығының басшысы Таңат Сариев ауылға техникалық судың керектігін, сонымен қатар ауылдағы фельдшерлік амбулаториялық пунктке көңіл бөлуді сұрады.

WhatsApp Image 2022-05-04 at 14.44.18 (1)

Аудан әкімі мен тиісті мекеме басшылары тұрғындардың қойған сауалдарына тиісті жауап қайтарды.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале