Бүгін Тасқала ауданының Амангелді ауылдық округінде сайлауға байланысты ауыл тұрғындарының бастамасымен «Таза ауыл - таза сайлау» атты акция өтіп жатыр.
- Ауылымызда үлкен саяси науқан, сайлау өтіп жатыр. Осыған орай ауыл тұрғындары өздерінің қалауымен акция ұйымдастырып, дауыс беріп шыққан тұрғындар қолдарына құрал-саймандарын алып ауыл тазалығын бастап кетті. Қазір "Даңқ аллеясы" орналасқан паркті тазалап жатырмыз. Оған тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Бұл біздің биылғы жылға ұйымдастырып жатқан алғашқы сенбілігіміз. Көп кешікпей Ұлыстың Ұлы күнін де тойлаймыз. Сондықтан айналамыз таза болсын деген мақсат. Бұл акция мұнымен тоқтап қалмай жалғасады, - дейді ауыл тұрғыны С.Бектемісов.
Айта кету, керек игі бастамаға 52 адам қатысып, ауыл тазалығына үлес қосты.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz