30.07.2025, 9:45
Оқылды: 259

Таза су Сегізсайға да жетпек

Шыңғырлау ауданынан жырақта, бұйра-бұйра құмның ішінде орналасқан Сегізсай ауылы да таза ауыз суды қажетсініп отырған мекеннің бірі. Ауыл көркем табиғаты, айналадағы тарихы тереңге кеткен Аққұмымен, орман-тоғайымен аты шыққанымен халық таза ауыз суды аңсап жүргелі қашан.

Изображение WhatsApp 2025-07-28 в 18.05.32_38d31e0a

Міне, енді көптен күткен, арман болған ауыз су да әр үйге аздаған уақыттан соң келгелі тұр. Бұл жұмысқа тапсырыс беруші Шыңғырлау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі болса, мердігер оралдық «ҚұрылысГаз» ЖШС. Жұмыстың авторлық қадағалаушысы «Уралводпроект» ЖШС. «ҚұрылысГаз» ЖШС-нің жұмысына басшылық ететін Даурен Кабенов тракторын, ауыр жүк көліктерін, кран мен тиегіштерін ала келген жұмыс тобымен шаруаны өндірте жүргізуге күш салуда.

«Жұмысты тамыз айының аяғына дейін тиянақтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда шаруаның 70% бітіп тұр. Мердігер белгіленген мерзімде сапалы да уақытылы аяқтауды көздеуде»,-дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Тасболатов.

Изображение WhatsApp 2025-07-28 в 18.05.35_f26c380c

Шыңғырлау ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмысы осылайша діттеген мақсатына жетуде. Ең алыста жатқан ауылдардың өзін таза ауыз сумен қамту шарасы әлі де жалғасын табады.

                                                                                                              Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале