«ОССБ» батальонын тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 22 жыл толуына орай Бөрлі аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.
Шара басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кіргізіліп, гимн орындалды.
1992-2001 жылдары тәжік-ауған жерінде борыштарын өтеу кезінде ерлікпен қаза болған 46 жерлес батыр жауынгерді еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сөз сөйлеп, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан бір топ ардагерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Олардың арасында Әлішер Ашурматов, Қуаныш Абашев, Нариман Есенжанов, Валерий Бедник, Беркін Оразбаев, Ізбасар Қуанов, Вячеслав Абдулеев, Юрий Митрофанов, Ербол Тавкубаев, Азамат Нұралиев, Орынғали Саинов және Ұлттық Ұлан Петропавл академиясының курсанты Ернар Ищанов бар.
-Біздің ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, әр ісі ұрпаққа өнеге. Сол істі жалғастырушы Тәжік-Ауған шекарасында Отан алдындағы борышын өтеген ағаларымыздың абыройлы еңбегі деп білеміз. Себебі, сол жердегі шекараны күзету ТМД мемлекеттері үшін, жалпы дүние жүзі үшін өте маңызды болды. Шекараны күзетпеген жағдайда әр мемлекетте қақтығыстар болуы мүмкін еді. Отан алдындағы борыштарын өтеп, сол жерде ерлікпен қайтыс болған жерлес 46 азамат ешқашан ұмытылмайды, - дейді Асланбек Ахметоллаұлы.
Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы және БҚО әскери гарнизонының бастығы, подполковник Руслан Амиржановтың алғыс хатымен Дархан Жұбаниязов пен Нариман Есенжанов марапатталды.
Сонымен қатар Эрик Жакиев, Тауфих Баширов, Амержан Ганиев, Күмісқали Алдонғаров және Мержан Артығалиев аудандық қорғаныс бөлімі басшысы, майор Серік Қапашевтің алғыс хаттарын алды.
Ұлттық Ұлан Петропавл академиясының курсанты Ернар Серікұлы «Қазақстан патриоты» медалі және БҚО-дағы әскери іс-қимылдар және оқшау соғыстарының ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлішер Ашурматовтың алғыс хатына ие болды.
Ары қарай шара аудандық демалыс орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz