Жаңақала ауданы Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінде әр аптаның сәрсенбісі - әдістемелік тәжірибе алмасу күні.
Адам мен қоғам дамуының ең басты факторларының бірі білім болып саналады. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер еліміздегі әлеуметтік, экономикалық-саяси, мәдениет салаларындағы өзгерістерге байланысты. Әдістемелік күнге қатысушы оқытушылар домбыра сыныбының оқытушысы Ұлпан Әлібекқызының ұйымдастыруымен Құрманғазының «Кісен ашқан», домбыра сыныбының оқытушысы, педагог-зерттеуші Гүлбар Тұрланқызының «Сейтек күйлеріндегі ауыспалы ладтар» тақырыбындағы тәжірибе алмасу, шебер сынып сабақтарына қатысты. Қатысушы оқытушылар сабақты бақылау парақтары түрінде өздерінің оқыту практикасы туралы кері байланыс бере алды. Әдістемелік жиынды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары О.Сапарова өз презентациясымен бастап, ғылыми жобаға дайындық негізіндегі негізгі бағыттары мен дағдыларына тоқталды. Домбыра сыныбының оқытушысы Г.Тұрланқызы өзінің осы жобаларға қатысып жеткен жетістіктерімен, қай кезде, неге көңіл аудару керектігі жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қайрекешов қатысушыларға қызықты тренинг өткізіп, әдістемелік күнді рефлексиямен аяқтады. Сабақтарға талдау жүргізіліп және педагогикалық жағдайлар талқыланды. Әдістемелік жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.
Темірлан Сыралиев,
Жаңақала ауданы
Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы